«Сүйіне білсең табиғат, сұлулыққа тұнып тұр» атты геграфия апталығы
«Н.Бекежанов атындағы №13 жалпы білім беретін мектеп»коммуналдық мемлекеттік мекемесінде география пәні мұғалімі Султанов Алмас география пәнінен «Сүйіне білсең табиғат, сұлулыққа тұнып тұр» тақырыбындағы өткізілген апталық туралы
Мектебімізде 11.11.2024ж-15.11.2024ж аралығында
«Сүйіне білсең табиғат, сұлулыққа тұнып тұр»
тақырыбында өткізілген география апталығы өз деңгейінде өткізілді.
Аптаның бірінші күні 11.11.2024ж апталықтың ашылуында жоспармен таныстырылды. Оқушыларға сұрақ-жауап арқылы түрлі ойындар ойнатылды. Жеңіске жеткендер марапатталды.
12.11.2024ж. 7-8 сыныптар арасында «Қызық екен» интеллектуалды ойыны өткізілді.
Мақсаты: Оқушылардың география пәніне деген қызығушылықтарын арттыру, ой-өрісін іс-жүзінде шыңдау, есте сақтау, сөйлеу мәнерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Бұл ойын арқылы оқушылар өз деңгейінде жақсы жауап беріп өз білімдерін шыңдап шықты. Мұғалім өз мақсатына жетті.
13.11.2024ж. 9 сыныпта «Қазақстанның климаттық жағдайы» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
Мақсаты: Климаттық жағдайларды анықтайды. Ауа температурасының таралуын талдайды.
Оқушыларды «Qazmath» әдісі арқылы топқа бөлді. «Кластер» әдісімен топтық жұмыс жасады. Жұптық жұмыста картамен жұмыс жасады. Оқушылар «WORDWALL» әдісі арқылы сәйкестендіру тапсырмасын орындады
15.11.2024ж.10сыныпта «Геосфералардың ластануы» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
15.11.2024ж. күні апталық қорытындыланып, сайыс сабақтарға және апталыққа белсене қатысқан оқушыларды мақтау қағаздармен марапаттап, апталықты қорытындылады. Мұғалім өз мақсатына жетті.

