«Геосфералардың ластануы» ашық сабақ
Түркістан облысы Мақтаарал ауданының білім бөліміне қарасты «Н.Бекежанов атындағы №13 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде география пәні мұғалімі Султанов Алмас 15.11.2024ж. күні 10 сынып оқушыларына «Геосфералардың ластануы» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты: Геосфералардың ластану деңгейін анықтап, себеп –салдарын зерттеу.
Сабақта «Өрмекші торы» әдісі арқылы оқушылардың бір-біріне жақсы тілек айту арқылы жағымды ахуал қалыптастырды. «4-сурет, 1-мағына» әдісі арқылы тақырып ашылды. «Попкорн» әдісі арқылы үй тапсырмасы сұралды.
«Кластер» әдісі арқылы топтық жұмыс жасалды. Топтық, жеке жұмыстар жасалды. Бағалауға «валюта»әдісі қолданылды. Сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлекциясын «Аяқталмаған сөйлем» әдісі арқылы аяқтады.
