Набиева Камшат Жумалиевна

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Мен Набиева Камшат Жумалиевна Түркістан облысы Ордабасы ауданы Темірлан ауылы Көктобе елді мекенінде 1983 жылы қыркүйек айының 22 жұлдызында дүниеге келген.
Шымкент қаласы, «№ 65 Ы.Алтынсарин атындағы мектеп» гимназиясын 1998 жылы бітірген.
1998 – 2001 жылы Шымкент қаласында Шымкент экономикалық колледжін бітірген.
2003 жылы Түркістан облысы Мақтаарал ауданы Иіржар ауылдық округі Наурыз ауылына тұрмысқа шықтым. Қазіргі таңда үш ұл, екі қызым бар.
2003 жылы Жетісай қаласы Сырдария университетіне түсіп бейнелеу өнері мамандығын 2006 жылы аяқтадым.
2009 жылдың 1 қыркүйегінен бастап, «Н.Бекежанов атындағы №13 жалпы білім беретін» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне педагог-психолог және бейнелеу өнері мен сызу пәні мамадығына жұмысқа орналастым. 2018 жылдың бірінші қыркүйегінен бастап педагог –психолог қызметінен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары лауазымына ауысып, қазіргі таңда директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарудамын.
2022 жылдың 1 қыркүйегінен бастап білім беру ұйымы басшысының орынбасары лауазымы бойынша «үшінші санатты басшы орынбасары» біліктілік санатын алдым.
Педагогикалық шеберлік орталығының Алматы қаласы филиалында «Көшбасшылық және шағын жинақты мектепті басқару» шағын жинақты мектеп басшыларының біліктігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша 640 академиялық сағат көлемінде курс.17.02.2020 жыл
«Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ педагогикалық шеберлік орталығы
Біліктілікті арттыру курсын «Оқушылардың әлеуметтік дағдыларын дамыту: отбасы, мектеп, мансап» тақырыбы бойынша 80 академиялық сағат
01.12.2023 жыл
«Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институты» коммерциялық емес ақионерлік қоғамы «Білім беру ұйымдарында жағымды тәрбие ортасын қамтамасыз ету» 40 академиялық сағат 20.10.2023 жыл