АӘТД пәнінің 2024-2025 оқу жылының жылдық есебі
«Н. Бекежанов атындағы №13 жалпы білім беретін мекеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
АӘТД пәнінің 2024-2025 оқу жылының жылдық есебі
Тамыз айының 29 күні АӘТД пәнінің құжаттары, көрнекі құралдары, кабинеті, тактикалық алаңы, саптық алаңы және құжаттарын дайындап бекіттірілді.
Қыркүйек айына толық құжаттар дайындалып сабақтар басталды. Қыркүйектің 24-не Торайғыров жббмде бір күндік оқу әдістемелік семинары өткізілді. Қыркүйектің 27-не Қажымұқан стадионында «Алау» атты аудандық сайыс өткізілді. Қазан айының 18-не 10- сыныптарға Саптық дайындық тақырыбы бойынша ашық сабақ өтілді. Қазанның 24-не Қ. Мүсірепов жббмде аудандық «Патриот» атты әскери сайыс өткізілді.
12-ші қараша күні 10- сынып оқушыларын 2027 «Қараой» шекара заставасына Ант қабылдау рәсіміне және экскурсияға апарылды. Қараша айының 29-күні АӘТД оқытушы-ұйымдастырушыларына «Жамбыл» -не бір күндік оқу әдістемелік семинары өткізілді. Желтоқсан айының 18 күні 10 сынып оқушыларына «Калашников автоматын атуға дайындау» тақырыбында ашық сабақ өтілді. Желтоқсан айының 19- күні Мызакент мектеп-гимназиясында Тәуелсіздіктің 33 жыл толуына орай әскери жетекшілер арасында әскери сайыс өткізілді. Желтоқсан айының 20 күні Қ. Қайсенов жббмде бір күндік оқу әдістемелік семинары өткізілді. Қаңтар айының 24 күні Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың 100 жыл толуына орай Қ. Мүсірепов жббмде әскери сайыс өткізілід. Қаңтар айының 31 күні Навой жббмде бір күндік оқу әдістемелік семинары өткізілді. Ақпан айының 21 күні Ауған жерінен Кеңес әскерлерінің шығарылуына 36 жыл толуына орай Қажымұқан жббмде әскери сайыс өткізілді. Ақпан айының 28 күні Абылайхан жббмде бір күндік оқу әдістемелік семинары өткізілді. Наурыз айының 14 күні 10 сынып оқушыларына Сап және оның элементтері тақырыбында ашық сабақ өтілді. Сәуір айының 18 күні Шұғыла жббмде бір күндік оқу әдістемелік семинары өткізілді. Сәуір айының 21-25 аралығында 5 күндік оқу дала жиыны өтілді. Мамыр айының 5 күні Қ. Аманжолов жббмде дүниеден өткен Қ. Аманжолов мектебінің әскери жетекшісі болып істеген Б. Жолахаевты еске алу мақсатында әскери жетекшілер арасында сайыс өтілді. 8 мамыр күні Ұлы Жеңістің 80 жылдығына ҚР ҚК 33 жыл толуына орай әскери жетекшілер ауданыдық парадқа қатыстырылды. Мамыр айының 16 күні 10 сынып оқушыларына Саптық дайындық бойынша ашық сабақ өтілді.