Дефектолог жылдық есебі 2024 - 2025 оқу жылы Битанова Б
«Н.Бекежанов атындағы №13 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Арнайы педагогтың жылдық ЕСЕБІ
«Н.Бекежанов атындағы №13 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде арнайы педагогтың 2024-2025 оқу жылында жарты жылдық жоспар түзіліп, бекітілді.
Қырқүйек айында жоспар бойынша диагностикалық және дидактикалық материалдар жинақталды.Оқушылар тобының тізімі түзілді. Сабақ кестесі, сабаққа қатысу, кеңестерді тіркеу, ата-анамен байланыс журналы арналып, бекітілді.Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің бірінші отырысы өтілді.Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылардың сабақтарына қатысып, сабақтарына бақылау жасалды.
Ата-аналармен сұхбат хаттамасы, сауалнама алынып, коммуникативті төлқұжаттар толтырылды. Негізгі пәндері бойынша жетістіктер картасы толтырылды.Оқушыларға жүргізілетін күнтізбелік-тақырыптық жоспарлары бекітілді.
Қазан айында ерекше білім беру қажеттілік бар оқушылармен мектепішілік өткізілетін іс-шаралараға қатыстырып, бақылап отырылды.Сұраныс бойынша ата-аналарға кеңес берілді.Сынып жетекшілермен бірлесе отырып ЕББҚ оқушыларын анықтадық.Оқу бағдарламаларын жүзеге асыру бойынша мектеп мұғалімдеріне кеңес беру, талқылау, талдау, олқылықтарымен жұмыс жүргізілді.
Арнайы педагогқа он алты оқушы әр сыныптан үлгерімі төмен оқушыларды таңдап алдым. І тоқсан соңында үш оқушыны Тумабай Бекжан, Раимбек Нұрдина, Нұрлықбек Айшаны сабақ үлгерімі жақсы болған соң тізімнен алып тасталды. Сол оқушылармен сабақ өтіліп, жұмыс жүргізіп отырмын.
Оқушылардың мінездемесі психологтан және сынып жетекшілерден алып тіркеп қойдық.
Қараша айында ерекше білімді қажет ететін бес оқушы сабаққа алдым, атап айтатын болсақ 5 сыныптан Қанатова Лаура, Таласова Диана, Караматов Алинур, Сайрамбай Ерасыл, Дехканбаева Мохинур. Осы оқушылардың тізімін, мәліметін ауданға тапсырдық.
Ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушыларын мектеп мұғалімдерімен тағы да талқылап тізімі құрылды.
«Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі деген не?» тақырыбында ата-аналарға баяндама оқылды.Осы оқушылармен кітапханамен таныстырылып, сұрақ-жауап өтілді.
Әдістемелік жұмыстар. Оқу бағдарламаларына сәйкес дидактикалық материалдар жинақталды.Сұраныс бойынша ата-аналарға кеңес берілді.
Желтоқсан айында психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің жоспардан тыс отырыс өтілді.Жеке және бейімделген оқу бағдарламаларын жүзеге асыру бойынша мектеп мұғалімдеріне кеңес беріліп, талқыланды.
Ата-аналардан өтініш және келісім алынды. Жеке іс парағы жасалынды. Жоспар бойынша жұмыстар жалғасын табуда.
Қаңтар айында сынып жетекшілері мен пән мұғалімдерімен бірлесе отырып ерекше білім беруді қажет ететін оқушылардың тізімін анықталды.
І жарты жылдық бойынша өткізілген жұмыс нәтижелерін қорытындылап ЕББҚ ететін оқушылардың ата-аналарымен жиналыс өткізілді.
Сұраныс бойынша ата-аналарға кеңес берілді.
Оқу кабинеттерін талапқа сай жабдықтау, нормативті құжаттарды толықтыру. Әдістемелік жұмыстар. Оқу бағдарламаларына сәйкес дидактикалық материалдар жинау.
Ақпан айында ЕББҚ оқушыларды мектепішілік іс-шараларға қатыстыру. ППҚҚ отырысының құжаттарын толықтыру. Сұраныс бойынша ата-аналарға кеңес беру. Сынып жетекшілері мен пән мұғалімдерімен бірлесе отырып ерекше білім беруді қажет ететін оқушылардың тізімін анықтау. Сұраныс бойынша мектеп мұғалімдеріне кеңес беру.
Наурыз айында мектептегі ЕББҚ бар оқушыларды мектепішілік өткізілген іс-шараларға дайындау. Сұраныс бойынша мектеп мұғалімдеріне және ата-аналарға кеңес беру. Сынып жетекшілері және пән мұғалімдерімен бірлесе отырып ЕББҚ ететін оқушылардың тізімін анықтау. Өзін-өзі дамыту. Арнайы әдебиеттермен жұмыс жасау. Оқу бағдарламарына сәйкес дидактикалық материалдарды жинақтау.
Сәуір айында оқу кабинеттерінің құжаттарын жүйелеу. Нормативті-құқықтық құжаттармен танысу. Сұраныс бойынша мектеп мұғалімдеріне және ата-аналарға кеңес беру. Сынып жетекшілері және пән мұғалімдерімен бірлесе отырып ЕББҚ ететін оқушылардың тізімін анықтау. Мектепішілік іс-шараларға қатыстыру. Ашық есік күндері арнайы мамандардың сабақтарына ата-аналарды қатыстыру.
Мамыр айында бейімделген оқу бағдарламасының үлгісін дайындау. Сұраныс бойынша мектеп мұғалімдеріне кеңес беру. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылардың сабақтарына қатысу, хаттамасын толтыру. Жеке дамыту бағдарламалары бойынша оқушылардың даму динамикасын бағалау. Мектептегі психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің қорытынды отырысын өткізу. Жаңа оқу жылына диагностикалық және дидактикалық материалдарды жинақтау. Арнайы педагогтің жылдық рефлексиялық есебі.
Арнайы педагог: Б.Битанова
