МЕКТЕП ТАРИХЫ » Бекежанов НОМ
Түркістан облысы
Мақтарал ауданы білім бөлімінің
"Бекежанов атындағы жалпы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
16
май
2016

МЕКТЕП ТАРИХЫ

 

  • НАР ТҰЛҒАЛЫ НАРТАЙ
Сыр елінің серісі, тума талант Нартай Бекежанов артында өшпестей із, өнегелі іс қалдырған жан. «Тау алыстаған сайын биік көрінеді» демекші, жылдар жылжып өткен сайын оның бейнесі, тұлғасы кесектеліп, сомдала түсіп, абыройы асқақтап, өрісі өсіп келеді десек, артық айтқандық емес. Бұған нар тұлғалы Нарекеңе халқының көрсетіп келе жатқан құрметі мен ілтипаты, ізгілікті көңілдері айғақ.
Оның әрбір жырынан әділдіктің, адамгершілік асыл қасиеттердің иісі аңқып тұр. Бала Нартайдың дана Нартайға дейінгі өмірі соқпақты да тоқпақты кезеңдерге толы болды. Қиын кезеңде дүниеге келіп, талай өтпелі дәуірде өмір сүрді. Азамат соғысы, біресе ақтар келіп, онан соң қызылдар келіп қырғын салған кез, жер иеленушілердің, келімсектердің шұбыруы, аштық, қуғын-сүргін, тағы да соғыс, тылдағы қиындықтар, канал қазу секілді ауыр жұмыстар көз алдында өтіп, ерте есейтті. Ол 1890 жылы Қызылорда облысы, қазіргі Шиелі ауданына қарасты «Коммунизм» колхозы, Үлгілі ауылында орта шаруаның отбасында дүниеге келді. Кейбіріміз айтып жүргеніндей, Нартайдың арғы аталарында ақындық не басқадай өнер болмаған. Әкесінің өзі бала Нартай екі жасқа келгенде дүниеден озады. Анасы Бақтыгүлдің қолында тәрбиеленген Нартай жас кезінде Сырдың бай- манаптары Көшкінбай мен Толғанбайдың малдарын бағып, жалшылықта болады. Нартайдың анасы Бақтыгүл ақындығымен, әншілігімен өз ортасына белгілі жан еді. Талабы таудай, зерек бала Нартай ана бойындағы асыл өнерді қағып алып, бойына сіңіріп отырған. Анасымен қатар, тапқырлығымен, ақындығымен танымал туған ағасы Мәнсүр Нартайдың бойында бұлқынып тұрған ағынды аңғарып, оның өнер жолына түсуіне көп ықпал жасаған. Нартайдың алаңсыз өнерге бет бұруына Арқаға атағы кеңінен жайылған Үкілі Ыбырайдың жиені Тайжан Қалмағанбетов үлкен себепкер болады. Тайжан ақыннан бала Нартай сол кезде он екі жас кіші екен. Бір жылдан астам уақыт бірге еріп жүріп, бауыр басып қалған Нартай оның өлеңдерін жаттап, әндерін ерінбей үйренеді, зердесіне түйеді, қыр-сырына қанығып, орындай бастайды. Нартай Тайжан ақынды аға тұтып, құрметтейді.
Сөйтіп,Нартай он жеті жасқа келгенде айтулы ақын ұстазының батасын алып,өз жүрек қалауымен ел аралап,той-думан,жиын-дарға қатысып,халық алдына шығып,әсем үн қалықтатып,жыр жырлайды. Анасы Бақтыгүл,ағасы Мәнсүр,ақын Тайжан мектептерінен өткен соң,Нартайдың да есімі елге кеңінен та-нымал бола бастайды.
Мұнысын бір жырында:
-Қоймады бұл ақындық
қашқанменен,
Он жеті айналдырып жастан
бермен.
Тоқталып қайнар бұлақ,
қарап жатпас,
Үстіне тау көтеріп басқанменен,
-деп бейнелепті ақын думанды өмірінің бастамасын.
Жалшылықтың дәмін тартқан ақын 1916 жылы шығарған «Бір
қойшыға» деген алғашқы өлеңдерінің бірінде кісі есігінде күн
кешкен жалшылардың адам айтқысыз ауыр тұрмысын,мұң-ше-рін кекті ызамен айта келіп,өлеңнің аяғын былайша түйіндей-ді:
Қарыса бер қажымай,
Сенің де туар заманың.
Тартарсың сонда мырзаңа,
Өзінің тартқан табағын, - деп оптимистік ой тастай келіп,жі-герлендіріп,қайратқа мінуге үндейді.
- Бір күні, - дейді Нартай ақын, - аулымыздың болысы менің өнерімді көре алмады ма,қайдам,әлде қызғаныш бойын биледі
ме,сен қу кедейдің өлеңнен басқа дымың жоқ.Сонда да жұрт
сенің айналаңда үйіріле түседі.Соның мәнісін айтшы,-деді.
Сонда Нартай іркілместен:
-Жақсы көрсе жұрт мені,
Сайрап салған әнім ғой.
Ағайынға мәлім ғой.
Қуат алар әнім ғой.
Жек көрсеткен сені елге,
Жыланша шаққан зәрің ғой,-
деп шұбырта жөнелгенде бай жанын қоярға жер таппай қатты
састы,- дейді ақын жайлы бір естелікте.Мұнан ұққанымыз,болыс жұртқа жыланша зәрін шашса,ал ақын үні,жыры халық жүгіне болғандығын өрнекті де ойлы,өткір жырларымен дә-лелдей түседі.Нартай ақынның айтыстарын өнертанушылар,
танымал ғалымдар қазіргі жинақталған қолда бар дүниелерге
қарай бөліп жүр.Мәселен,түре айтыстары қатарына «Нартай
мен Апузаның айтысы», «Нартай мен Зеренің айтысы», «Нартай мен Айымкүлдің сөз қағысы», «Нартай мен Айдардың ай-
тысы», «Нартай мен Жібектің айтысы», «Нартай мен Ардақтың айтысы», «Колхозшылар айтысы», ал сүре айтыстары са-натында «Нартай мен Нұрлыбектің айтысы», «Нартай мен Қазанғаптың айтысы», «Нартай мен Кененнің айтысы» бар.
Нартай ақынның қаламынан «Кедей-Талап», «Наушаруан»,
«Мәнсүр-Дәме дастаны» секілді дастандар туғанын біреу білсе, біреу білмейді.Нартайдың әншілік-компазитерлік өнеріне,оның қазақ көркемөнеріне өзіндік бет-бейнесімен, қолтаңбасымен енгеніне, сіңірген еңбегіне ешкім де шек келтіре алмайды. Оның мақамы, әні, өнері – қайталанбайтын құндылық. Композитордың-«Нартай әні», «Өздерің білер Нартаймын», «Алтын көкем», «Толқын», «Серпін», «Базарым өтіп бара ма?», «Бейбітшілік», «Аққайық жалған», «Жеңіс жыры», «Жаса, Қазақстаным!» сияқты сырлы да сиқырлы, жүрек тебірентерлік, құлаққа жағымды әндері бар. Не пайда, осы әндердің бірде-бірі ақынның өз аузынан, өз үнімен күйтабаққа, не үнтаспаға жазылып алынбаған.Солай бола тұрса да, Нартай әндері халық арасында кеңінен тарап кеткен. Нартай әндерін нақышына келтіріп орындап келген, кеңінен насихаттаған марқұм Әбілаш Әбуов, Мұхамеджан Рүстемов,
Арзулла Молжігітовтар болса,кейінгі буындардан әнші,ақын
Құрманбек Бекпейісов,жыршы-термеші Інжу Таспанбетова, Інжу Төлегенова,Ақмарал Ноғайбаева және Шиеліде өткен
«Ән еркесі – Нартай» республикалық байқаудан соң Астана,
Алматы,Шымкент,Ақтау,Қызылорда қалаларынан әншілер қатары көбейіп келеді.Мәскеуде болып,концертке қатысқан
Нарекең Шашубай,Кенен Нұрлыбек сынды сөз зергерлерімен
1949 жылы Мәскеуге екінші рет аттанып,қазақ әдебиетінің он
күндігіне қатысып қана қоймай,онкүндікті ашу мүмкіндігіне
ие болады,өнерін көрсетеді.Мәскеуде Нартайға сол кездегі Одақтың бас басылымы «правда» газеті былай баға береді: «Бекежанов Нартайдың ән шырқауы сирек кездесетін сүйкімді сазымен, нәзік әртістік ойнақылығымен ерекше көзге түседі. Оның дауыс ырғағының өзі құлаққа қонымды, әуені әсерлі де мөлдір.» («Правда» газеті, 1949жыл, тамыз 28-і.
Нартай шығармашылығының белгілі деңгейге көтерілген жанры -нақыл сөз бен шешендік терме саздары. Олардың қатарына «Өмір өрнегі», «Қызыл тілде буын жоқ», «Әнім ғой», «құлақ сал, ел-халайық, үлкен-кіші!», «Нақыл сөз», «Нартай әні», «Мен келемін!», «Бала-бал» тағы басқа туындыларын айтуға болады.
Нартай Бекежанов өзінің жан жақты ақындық, әншілік әрі орындаушылық өнерімен халықтан лайықты бағасын алады. Қазақстан Жазушылар одағына мүшелікке қабылданады. Нартайдың ұлан-ғайыр еңбегі өмірімен біте қайнасып жатуы оның шабытының тасқындай түсуіне ықпал жасады. Шалқыған шабыт, төгілген тер еленбей қалған жоқ. 1939 жылы оған «Көркемөнерге еңбегі сіңген қайраткер» құрметті атағы беріліп, ал республиканың 25 жылдығының торқалы тойында «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды. Мұнан соң 1950 жылы Нартайдың «Домбыра сазы» деген өлеңдер жинағы жарыққа шықты. Ал 1932 жылы «Өсиет» атты өлеңдер, айтыстар, дастандар жинағына алғысөз жазған ақын Әбілда Тәжібаев «Жақсылар шарапаты бүкіл қауымға жететін, барлығымызды жарылқайтын, жарататын сарқылмас қазына екен ғой» деп тебіренеді.
Міне, дарын иесінің осындай өнегелі өмір жолы бүгінде көптеген өнер иелерінің шығармаларына арқау болуда.
Өздеріңізге мәлім, Нартай Бекежановты мәңгіге есте қалдыру мақсатында облыс орталығында Нартай Бекежанов атындағы драма театры ашылған. Ақынның туған ауылына есімі берілсе, Қызылордада, Шиеліде бір-бір көше, облыстағы барлық аудандарында көше аттары беріліп, ардақталды. Шиеліде ақын атындағы мектеп, оның алдында бюсті, Н. Бекежанов атындағы ауылда оның шығыс үлгісімен салынған мұражайы, алдында ақынның тұлғасы бейнеленген ескерткіші бар. Қызылорда қаласында бұрынғы нарекең тұрған үйдің қабырғасына мемориалды тақта ілінсе, жуырда Алматыдағы әсем көшелердің біріне Нартай есімі берілді. Бүгінде Нарекеңнің жолын жалғастырған ұл-қыздар аз емес. «Нартай мектебі», «Нартай сазы» ансамбльдері жұмыс істейді. Демек, әнші- Нартай, сазгер-Нартай, әртіс-Нартай, режиссер-Нартай, үгітші-насихатшы-Нартай, мәдениет майталманы, сал, сері
Нартай есімі қашанда ұрпақтарының жүрегінде, оған деген халықтың ыстық ілтипаты бір мысқ
Н. Бекежанов атындағы негізгі орта мектеп
мемлекеттік мекемесінің
тарихы
Мектеп құрылысы 1978 жылы салынған. Жалпы аумағы 100х 70м2 шаршы метр. 1978 жылы «50 лет ВЛКСМ» деп аталды. 1975-76 оқу жылы мектеп 2 жыл қатарынан 8 жылдық болып 1978-79 оқу жылынан қайтадан бала санының кемдігіне байланысты бастауыш мектеп болып қалды.1992 жылы Мансур Бекежанов атына ауыстыр-ылды. Гректер мен орыстардың саяси Отанына көшуіне байланысты Қазақстанның егемендік алып шет елдердегі қазақ қандастарымыз елге оралуымен қазақ оқушылары көбейіп, қазақ сыныптары ашыла бастады. 1997-98 оқу жылында мектеп толық қазақ мектебі болып ауысты.Орналасқан жері Иіржар а/о Наурыз ауылы.Алғашында мақта терушілерге арналып, жатақхана ретінде салынған. Егемендік алуымызға байланысты мектебіміздің аты 2002 жылдан бастап Н. Бекежанов деп аталды.Қазіргі таңда мектебіміздің барлық құжаттары оқу бағдарламалары қазақ тілінде жүргізіледі.
Мектебімізде 12 сынып бөлмелері бар. Олардың біреуі информатика, біреуі мұғалімдер бөлмесі және кітапхана бөлмесі.Мектебімізде қазіргі таңда 22 мұғалім, 11 тех. қызметкерлер жұмыс атқарады, 180 оқушы оқиды.Мектебіміз негізгі орта мемлекеттік мекемесі және ыңғайластырылған мектеп.
Нартай Бекежанов 1890 жылы Шиелі ауданында туылып,1954 жылы осында қайтыс болған. Қазақтың халық ақыны, бұлбұл үнді әнші, сазгер, Қазақстанға еңбек сіңірген өнер қайраткері.Нартайдың әншілік – компазитерлік өнеріне,оның көркемөнеріне өзіндік бет-бейнесімен,қолтаңбасымен енгеніне,сіңірген еңбегіне ешкім де шек келтіре алмайды. Оның мақамы,әні,өнері - қайталанбайтын құндылық..
Еркинов Мүсілім Еркінұлы 1938 жылы 06 шілдеде дүниеге келген.1961 жылы Ташкент Мемлекеттік педагогикалық институтының тарих факультетін бітірген.
Еңбек жолын 1954 жылы мұғалім болып
жұмыс бастаған.
1960 жылы «Мақтажан» мектебінде оқу ісі
жөніндегі орынбасары міндетін атқарған.
1965 жылы жалпы орта мектептің
директорлық жұмысын атқарған.
1974 жылдары Өзбекстанда сельхоз
техника системасында жұмыс істеген.
1978 жылы қазан айынан бастап Свердлов совхозында председатель жұмысын атқарған.
1987-1992 жылдар аралығында Бекежанов атындағы мектепте дирек-торлық жұмысын атқарған.
1992-1997 жылдар аралығында Свердлов совхозының аға юристі жұмысын атқарған.
1997 жылы желтоқсан айынан бастап зейнеткерлікке шаққан.Қазіргі таңда зейнеткерлікпен демалыста.
Наурзаков Эшонбай Абайұлы 1967 жылы 11 мамырда Тәжікстан облысы Курган-төбе ауданында дүниеге келген.
Наурзаков Эшонбай Душанбедегі
педагогикалық институтының физика және
математика факультетін бітірген.
1992 жылы Тәжікстаннан көшіп келіп,еңбек
жолын Бекежанов мектебінен бастаған.
Басында осы мектептің оқу ісі меңгерушісі
қызметін атқарған.Кейін директорлық
лауазымға көтерілген.
1993-1999 жылдар аралығында М.Бекежанов атындағы мектептің директоры жұмысын атқарды.
Директорлық лауазымдық жұмысын атқарып жүрген кезде өзінің ұйымдастырушылық,адамгершілік ,қабілетінің жоғары екенін көрсете білді.
Н.Бекежанов негізгі орта мектебінің 1999 – 2008 жылдар
аралығында Ергеш Құрбанбек Бесбайұлы директор қызметін атқарды
Ергеш Құрбанбек Бесбайұлы 1959 жылы
1 шілдеде Мақтарал ауданы бұрынғы
Свердлов кеңшары
«Қазақ ССР-інің 15 жылдығы» бөлімше-
сінде дүниеге келген.
1975 жылы Жызақ Мемлекеттік
педагогика институтының «Орыс тілі мен
әдебиетін ұлттық мектептерде оқыту»
факультетіне түсіп 1980 жылы бітірген.
Алғашқы еңбек жолын Мақтарал ауданы
«Победа» орта мектебінде орыс тілі пәні мұғалімі болып жұмыс бастады.
1983-1984 жылында өзі оқыған С.Сейфуллин атындағы орта мек-тебіне орыс тілі пәні мұғалімі болып ауысады.
1984-85 оқу жылында мектептегі бастауыш комсомол ұйымының хатшысы болып сайланды.
1985-86 жылы оқу жылында директордың мектептен тыс жұмысты ұйымдастырушы болып сайланды.
1988-93 жылдар аралығында оқушылардың өндірістік бригадасына жетекші болған.
1993-94 оқу жылында М.Бекежанов орталау мектебіне директор болып ауысады.
1994 жылдан бұрынғы Мақтарал ауданының педагог қызметкерлері кәсіподақ ұйымының басшысы болып қызмет атқарады.
1999 жылы 3 қаңтардан Н.Бекежанов негізгі мектебінің директоры болып ғұмырының соңына дейін қызмет атқарды.
Қазіргі кезде мектеп директоры болып Дүйсекеева Үржан Қожабекқызы атқарып келеді.
\
Дүйсекеева Үржан Қожабекқызы 1968 ж 28 мамырда қазіргі Жетісай қаласында дүниеге келген.
Директорлық лауазымына келгенге дейін
бастауыш сыныптың мұғалімі және тәрбие
ісінің орынбасары болып
қызмет атқарды, сонан соң
кәсіподақ ұйымының төрайымы болып
жұмыс істеді.
1985 ж Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай
Педучилище бөлімінде білім алған.
Еңбек жолын 1987 жылы Асық- Ата
кентіндегі «Солнышко» балабақшасында тәрбиеші болып, кейін бұрынғы Мақтарал ауданы Свердлов кен-шарында 1 май аулындағы «ВЛКСМ –ның 50 жылдығы» атындағы орта мектебіне бастауыш сынып мұғалімі болып жұмысқа қабылданды.Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін мектебіміз Н.Бекежанов атындағы негізгі орталау мектебі болып өзгерді.Еңбек ете жүріп өз білімін жоғарылатты.Ғ.Мұратбаев атындағы коллежде «Бастауыш сыныптар мұғалімі» мамандығын алып үздік дипломмен бітірді. 2003-2005жылдар аралығында Алматы қаласындағы Қыздар Мемлекеттік Пединститутын бітіріп шықты.Оқу мен еңбекті ұштас-тыра жүріп тәрбие ісі ұйымдастырушысы қызметін атқарды.
1989-1993 жылдар аралығында кәсіподақ ұйымының төрайымы мін-детін атқарды.
2008 жылдан бері осы мектептің директорлық лауазымын атқарып келеді.
2010 жылдың 9 мамырында өткізілген Ұлы Отан соғысының 65 жыл-дық мерейтойына мектеп ұжымымен белсене қатысқаны үшін әкім-шілік тарапынан және аудандық білім бөлімінен алғыс хатпен марапатталды.
2009-2010 оқу жылында география пәні мұғалімі Байманова Аманкүл
аудандық пән олимпиадасынан жүлделі орынға ие болғаны үшін аудандық білім бөлімінің мақтау қағазымен марапатталды.
2009-2010 оқу жылында тарих пәні мұғалімі Ибрашева Ғалияда ау-
дандық пән олимпиадасынан жүлделі орын алғаны үшін марапаттал-ған.
Мектеп ауласы көгалдандырылып,мектеп іші гүлдермен көркемде-лінді.Қазіргі таңда мектебіміз ыңғайластырылған мектеп.
Мектеп тарихы
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 



Похожие публикации:

Téléchargeur de vidéos YouTube story saver Telecharger Video Instagram